Қазақтың дара туған данасы.
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра.Осы орайда Абайдың мұрасын жас ұрпаққа таныстыру,шығармашылығын насихаттау,шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу мақсатында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың қызметкерлері «Абай» аллеясында «Қазақтың дара туған данасы» атты мәнерлеп оқу шарасын өткізді.Шара барысында кітапхана оқырмандары Совет Виолетта, Сезім «Ескендір» поэмасын,Әшім Әсел, Дәлелбек Ару, Сакен Жанерке, Сейітжан Жаннұр ақынның өлеңдерін-«Бес нәрседен қашық бол»,«Жаз»,«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,және т.б өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып,көрермен ілтипатына бөленді.Мәнерлеп оқу шарасы өте әсерлі өтті.Сонымен бірге кітапхананың фойесінде «Абай мен Пушкин үндестігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар арасында кеңінен насихатталды.
[media=https://youtu.be/xfvPUhSZuIU]
[media=https://youtu.be/xfvPUhSZuIU]







