Денсаулық: Оқуға тиіс 10 кітап.

Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезінуі. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Осы орайда Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 6 кітапхана оқырмандардың назарына өз денсаулықтарын нығайтуға арналған танымдық маңызы зор, құнды «Денсаулық: Оқуға тиіс 10 кітап» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.Кітап көрмесінен«Менің денем неден құрылған?»,«Адам анатомиясы», Х. Досмұхамедұлы «Денсаулығыңды сақтай біл»,З.Мейірханова «Қыз – өмірдің қызғалдағы», Р. Бейсембаева «Денсаулығы баланың – қуанышы ананың», С. Өмешұлы «Салауатты өмір – денсаулық кепілі», Г. Икіманова «Саулық пен сымбат», З. Эвенштейн «Здоровье и питание», М. Османова «Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа», «Апатқа апарар үш індет» атты әдебиеттермен танысуға болады. Бұл кітаптардың барлығы да уақыт сынынан өтіп, адамзат ойының алтын қазынасына айналған таңдаулы ғылыми еңбектер болып табылады.Oқырмандардың денсаулық жайлы білімдерін арттыру, таным көкжиектерін кеңейту,салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру,медицина саласындағы әдебиеттерді насихаттау.

10 тамыз 2022 ж. 972

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам