Қазақ би өнерінің ханшайымы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхана биші Шара Жиенқұлованың туылғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ би өнерінің ханшайымы» атты бейнероликті назарларыңызға ұсынады.
Биші Ш.Жиенқұлова өзінің өнер жолын қазақтың драма, опера және балет театырынан бастаған. Б. Майлиннің «Майдан», М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қаракөз» және т.б. пьесаларында ойнап, операларда ұлттық билерді орындаған. Қазақ филармониясында қызмет етіп, 1962-1966 жылдары ән-би ансамблін басқарған. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халық билерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеген. Ш. Жиенқұлованың жетекшілігімен «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» және т.б. көптеген билер дүниеге келді. Сахналық бидегі бейнелердің ішкі жан сұлулығын шебер шендестіре білген Шара қазақ би өнерінің дамуына мол үлес қосты.







