Халық сүйген қаламгер
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Халық сүйген қаламгер» тақырыбында ақын Ә.Тәжібаевқа арналған поэзия кеші С.Ысқақов атындағы Құрылыс және Бизнес колледжі студенттері қатысуымен өтті. Қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухын жырға қоса білген көрнекті ақын Ә. Тәжібаевтің шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатындағы жыр кешінде студенттер А. Сұлтанбек «Сырдария» өлеңін, А.Байназар «Өсу мен Өшу» өлеңін, А.Берікұлы «Достарға» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жас оқырмандар ақынның отанға деген махаббатын, өмірге деген өлшеусіз құштарлығын көрсететін жырларымен кітапхана оқырмандарын сусындатты.








