Табиғат тартқан қасірет
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Балалар бұрышы» оқырмандарының қатысуымен «Табиғат тартқан қасірет» атты әңгіме өткізілді. Әңгіменің басты тақырыбы Қызылорда облысының Байқоңыр мен Арал қаласының экологиялық мәселелерін қамтыды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде. Байқоңыр ғарыш айлағының проблемасы сол аймаққа ғана емес, қазіргі күнде әлемдік проблема болып табылатын Арал теңізінің экологиясының нашарлауына да әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта осы Байқоңыр мен Арал экологиясы мәселелері байланысты бірнеше жобалар жасалып, жүзеге асырылуда. Жастар орталығында бірнеше форумдар ұйымдастырылып, болашақ таза ауа, жасыл өлкеде өмір сүреді деген плакаттармен, жалынды ұрандармен өтуде. Кітапханашы Г.Молдасанова балаларға әңгіме барысында Байқоңыр мен Арал қаласының экологиясы туралы жазылған әдебиеттерді: «Жер кіндігі - Байқоңыр», «Арал тағдыры», А.Нұрғызарынов«Аралдың экологиялық тынысы» және т.б кітаптарды таныстырып, ақпарат берілді.







