Қазақ биінің құдіреті

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапханада жас оқырмандарымызға  Қазақ биінің құдіретін,   биші Ш.Жиенқұлованың өнегелі өмірін  насихаттауа мақсатында   «Қазақ биінің құдіреті» атты  өнертану сағаты өткізілді.       
   Шара барысында бишінің өнегелі өмірімен қатар шығармашылығы айтылып, әдебиеттер кеңінен таныстырылды. 
  Шара шын есімі Гүлшара Жиенқұлова - биші, педагог. Ол 1912 жылы маусымның 18 жұлдызында дүниеге келген. Гүлшара Верный қаласының қазіргі Алматы көпесі Баймолда Жиенқұловтың отбасында дүние есігін ашқан он төртінші бала болған.Әртістің Әуезов атындағы Қазақ драма театрындағы алғаш сомдаған рөлі – Бейімбет Майлиннің "Майдан" пьесасындағы Пүліш рөлі. Мұнан соң Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасындағы Еңлік, "Қарагөз" пьесасындағы Қарагөз рөлдерін ойнаған.. Бұл қазақ би өнерінің басы болды. театр сахнасысының шымылдығы "Айман-Шолпан" қойылымымен ашылғанда есте қалар ең жарқын сәт "Келіншек" қазақ биі болған еді. Шара Жиенқұлова М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" музыкалық драмасында, Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр", "Ер Тарғын" операларында халық биін орындаған. Сонымен қатар "Қалқаман-Мамыр" тұңғыш қазақ ұлттық балетінде Мамыр партиясын билеген. Биші "Амангелді" кинофильмінде Балым рөлінде бой көрсеткен.Шара Жиенқұлованы би өнерінің "жауһары" деп біледі. Ол 1991 жылы 21 мамырда дүние салды.

   
17 тамыз 2022 ж. 288

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам