Ақын деген отты жасын найзағай
Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп, жыр әлемінің шоқ жұлдызына айналған көрнекті ақын Қанипа Бұғыбаеваның туғанына 80 жыл толуына орай №5 кітапханада «Ақын деген отты жасын найзағай» атты әдеби кеш өткізілді.Шараның мақсаты: Қанипа Бұғыбаеваның шығармаларын тереңірек оқып,туған жері мен еліне,Отанына арналған жырларын кеңінен насихаттау.
Шара барысында кітапханашы Жетісудың жыр жұлдызы Қанипа ақынның өмір жолымен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстырды. Оқушылар ақын апамыздың туған жер, табиғат жайлы лирикалық жырларын жатқа оқып, кітаптарын үйге жаздырып алды.Сонымен қатар Қ.Бұғыбаеваның шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.







