Ұлттық ойын құндылығымыз

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен Жазға кітап жобасы бойынша қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын құндылығымыз» атты  онлайн танымдық әңгімені назарларыңызға ұсынады. 
    Ежелден сайын далада елдік пен ерлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырды. Қазақ халқы «шыныққан шымыр болады» деп, дене спорттың сан алуан түрімен сонау ықылым замандарда – ақ айналысып, денелерін шынықтырып,шыңдап отырған. Халқымыздың тарихы тым ұзақ әрі дәстүрге бай. Сондықтан арғы тегі наным- сеніммен,шаруашылық еңбек тәсілінен келіп шыққан құндылыққа ие ұлттық ойындарымыз, халқымыз жаугершілік заманды, босқын тірлікті бастан кешше де, жадынан шығармай, оны жалғастыру арқылы бүгінге жеткізіп отыр.
Бүгінгі шарамыздың мақсаты да ұлттық ойындарымызды өскелең ұрпаққа насихаттай отырып ұлттық ойынның құндылығын түсіндірумен бірге баланың ой өрісінің, дене бітімінің қалыптасуына сонау ерте заманнан ақ ата бабаларымыздың мән бергенін түсіндіру.

19 тамыз 2022 ж. 240

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам