Жыр толқынында
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қомшабай Есіркепұлы Сүйенішевтің 85 жылдық мерейтойына орай «Жыр толқынында» атты бір жазушының көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына кеңінен насихатталды. Мақсаты: Оқырмандар қауымына Қ.Сүйенішевтың өмірі мен шығармашылық жолдары жайлы жазылған әдебиеттерді насихаттау,кітапханаға оқырман тарту.
Сыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттардың рухани мұрасына бай өлке. Солардың бірегейі – емес, дарабоз драматург, ақын, жазушы, журналист Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніш. Әдебиетке өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында келген жазушы-журналист Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін ұзақ жылдар бойы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы консультанты және өкілі қызметтерін атқарды. Поэзия жанрымен белгілі бола бастаған қаламгер кейін өзін қара сөздің майталман шебері ретінде де танытып, көптеген прозалық шығармаларды дүниеге әкелді. Кітап көрмесіне қойылған Қ.Сүйенішевтің «Мен де ғашық болғанмын» кітабына енген бірнеше әңгімелері мен естеліктері туралы, «Кемпір шалдың еркесі», «Сен де жалғыз, мен де жалғыз» пьесалары, «Сап – сап, көңілім..», «Гөй - Гөй» жыр кітаптары мен қаламгерге арнап жазған Р.Жанай, А.Сопыбековтің арнау өлең – жырларын оқырмандарға кітапханащы Д.Төлендиева таныстырып, шолу жасады. Кітапхана оқырмандары Қ.Сүйенішевтің өмірі мен шығармашылығына арнайы ұйымдастырылған бір жазушы көрмесінен өздеріне қажетті ақпараттар алды.







