Latyn-құнды мұра
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Latyn- құнды мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына кеңінен насихатталды. Көрме барысында латын әліпбиінің тарихы жайлы және қазіргі таңда әлем елдерінің басым бөлігі латын графикасын қолданатыны жайлы айтылды.Кітап көрмесінде латын тілінде жазылған басылымдар таныстырылып, латын әріптері жайлы кеңінен мағлұматтар берілді. Байтұрсын ұлы Ақыметтің «Әліб-бій», «Ұлттың ұлы ұстазы», Ә.Жүнісбектің «Төл әліпби-төл жазу мәселелері», академик Өмірзақ Айтбайұлының «Тілтірек», Олжас Сүлейменовтың «Таңбалар тілі» т.б.кітаптар оқырман сұранысына ие болды.









