Сурет өнерінің шебері

   №13 балалар кітапханасында 2022-балалар жылы аясында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қызылордалық суретші  Рахым Шегебаевтың – 75 жыл толуына орай «Сурет өнерінің шебері» атты сурет салу байқауы  жас оқырмандар қатысуымен өткізілді. 
Шарада кітапхананың тұрақты  оқырмандары  А.Ахан,   Д.Қазбек,  У.Рожков  жан – жануарлардың, суда мекендейтін қосмекенділердің және балықтардың, әсем табиғаттың сұлулығын, әсемдігін бейнелеп сурет салып, белсенділік танытты. 
   Рахым Шегебаев – реалистік көркемсурет мектебінің өкілі «Адамзат өркениетімен бірге жасап келе жатқан, өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Әрбір суретшінің, әрбір картинаның өзіндік алған бағасы, өзіндік тарихи мәні, ұрпақ қажеттілігіне жаратарлық құндылығы бар. Соның бір дәлелі - Рахым Шегебаевтың шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал, Канада, АҚШ, Португалия, Венгрияда да суреттері қойылған. 

 
23 тамыз 2022 ж. 277

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам