Ата заң –ақиқаттың ақ жолы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхананың ұйымдастыруымен «Айнұр Орда» бөбекжай-бақшасының «Айгөлек» тобының балаларымен «Ата заң –ақиқаттың ақ жолы» атты танымдық сағат өткізілді. Шара кішкентай бүлдіршіндердің Еліміздің әнұранын шырқауымен басталып, Ата Заң туралы түсінік берілді. Бүлдіршіндерге суреттер мен кітап жинақтары және құрастырмалы мозайкалар ұсынылды.







