Семей полигоны зардаптары
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапханада жас оқырмандар қатысуымен «Семей полигоны зардаптары» атты танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға Семей полигоны жайлы бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы Семей ядролық полигоны, оның зардаптары туралы кеңінен баяндай келе, белгілі жазушылар Медеу Сәрсекенің «Семипалатинская трагедия», Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты романында полигон зардабын тартқан халықтың қасіреті, тағдыры туралы жазылған шығармаларымен таныстырды.
1947 жылы КСРО-ның Министрлер Одағы әскери сынақтар өткізу мақсатында Семей ядролық полигонын құруға шешім қабылдайды. Екі жылдан соң 29 тамызда Семей қаласының батыс аумағында 140 шақырым жерде алғашқы атом бомбасы жарылады. Ал төрт жылдан соң алғашқы сутегі бомбасы сынағы жүргізіледі. Бұл АҚШ-тың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбасынан 20 есе қуатты күш еді. Семей полигонында 1949 жылдан 1991 жылға дейін 500-ге жуық ядролық сынақ жасалып, оның салдарынан мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірілді. 40 жыл бойы қазақстандықдар өз денсаулықтары мен өмірлері үшін күресіп келді. 1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР президенті Н. Назарбаев Семей ядролық сынақ полгонын жабу туралы жарлық шығарды.







