Ұлық тұтар ұлы заң
№5 Абай ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлық тұтар ұлы заң» атты Конституция күніне орай әдеби оқу өткізілді. Бұл іс-шараның қатысушылары –кітапхананың белсенді оқырмандары мен мектеп табалдырығын биыл аттап жатқан келешек оқырмандар болды. Әдеби оқу барысында келушілер назарына Қазақ хандығы тұсындағы жарғылар туралы, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конституция, жалпы Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт-Тоқаевтің Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер берілді. Шара барысында қазақ ақындары Сұлтан Қалиевтің «Ата Заң», Айбатыр Сейтақтың «Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!» Ақтолқын Күлекееваның «Ата Заңым –қастерлім», «Заң –дәстүр» атты өлеңдерін кітапхана оқырмандары Ақзере Әбдіғаппарова, Айбану Қалиева, Манас Молдашеев нақышына келтіріп, жатқа оқыды.







