Ата заң-Азат елдің ар намысы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында 30- тамыз ҚР Конституция күніне орай «Ата заң-Азат елдің ар намысы» атты патриоттық кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ҚР Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Патриоттық кешке Қызылорда облысы бойынша «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңымызға және де оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жайлы өз ойлар еркін жеткізіп, ортаға салды. Шараға арнайы «Мен және менің құқығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеңінен насихатталды. Кеш соңында кітапханамыздың бүлдіршін оқырмандары Совет Виолетта мен Совет Сезім Оразақын Асқардың «Ата заңым», Рысты Бекбергенованың «Ата заңым» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендердің үлкен ықыласына бөленді. Шара соңында кеш қонағы Рысқұлов Төребек Таженұлы «Ата Заңды құрметтеу әрбір азаматтың міндеті, әрі парызы екендігін айтып, мағыналы ой-пікірімен кешті қорытындылады.







