Ата Заң – халықтың төлқұжаты
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында оқырмандардың танымын арттыру, олардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ата Заң – халықтың төлқұжаты» атты кітап көрмесі жасалып, әдебиеттер жас оқырмандарға таныстырылды. «Елтаным», «Менің елім – Қазақстан», «Қазақстан қара шаңырағым», «Жиырмасыншы ғасыр», «Қазақстан», «20 жылдың жемісі», «Ұлы дала тарихы», «Мәңгілік ел – Қазақстан» т.б. кітаптары оқуға ұсынылды.







