Дербес елімнің Ата заңы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасында 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Дербес елімнің Ата заңы» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. Шолу барысында еліміздің басты саяси құқықтық құжаты Ата Заңымыздың даму тарихы таныстырылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.







