Сырдан шыққан заңғар заңгер

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада өлкеміздің  тұңғыш заңгері Сүлеймен Есқаравтың өнегелі өмір жолымен таныстыра отырып, ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру мақсатында «Сырдан шыққан заңғар заңгер» атты танымдық сағат өткізілді. Шарада елдің өркендеуіне өз үлесін қосып, саналы ғұмырында аянбай еңбек еткен ардақты азамат, өз ісінің білгірі атанған қайраткердің атқарған қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі жайлы оқырмандарға кеңінен насихатталды. Саналы ғұмырында заң саласының білікті де білімді маманы атанып, туған жердің сүйікті перзенті ретінде көпшілік алғысына бөленген тұлға Сүлеймен Есқараев  Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 
    Сүлеймен Есқараев 1897 жылы 17 тамызда Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.  1910-1918 жылдары Ақмешітте (қазіргі Қызылорда) кірпіш зауытында, темір жолда жұмыс істеп, Азамат соғысына қатысады. 1919-1920 жылдары  Ташкенттегі кеңес-партия мектебінде оқиды. 1920-1925 жылдары РК(б)П Сырдария облысы комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Ташкент облысы төтенше комиссиясы бастығының орынбасары, Ақмешіт уездік-қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, РК(б)П Түркістан ОК бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Сырдария облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, РК(б)П Сырдария облысы комитеті ұйым¬дастыру бөлімінің мең¬геру¬шісі, 1925-1928 жылдары Қазақ АКСР ішкі істер халық комиссары қызметтерін атқарады.1928 жылы Кеңестер билігі тарапынан ұлтшыл ретінде айып¬талып,  Қазақстаннан ¬қуы¬¬лып,  Орынбордағы  өлкелік мили¬ция мектебінің бастығы болады. 1930-1933 жылдары Мәскеуде Бүкілодақтық жоспарлау ¬академиясында білімін жетілдіріп, 1933-1937 жылдары аралығында Қара¬ғанды облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1936 жылдың ақпанында Юстиция халық комиссары және рес-публика прокуроры болып тағайындалады.
  1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конс¬титу¬ция¬сын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды. Қазақстан автономия¬лы рес¬публикадан одақтық респуб¬ликаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды.  Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.Осы сәттен прокура-тура¬ның дамуы мен нығаюының үшінші кезеңі басталып, Әділет халық комиссарынан про¬куратура толық бө¬лінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құры¬лымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды.

 
26 тамыз 2022 ж. 296

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам