Конституция – мәңгілік елдің тұғыры
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты ақпараттық сағатты ұсынды.
Іс-шара барысында мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы мызғымас темірқазығы, ұстанған жолын, ұлтының құндылығын айқындайтын және елдің өсіп-өркендеп, қарыштап дамуына тікелей ықпал ететін басты құжатымыз Конституция жайлы мол ақпараттар беріліп, елдің өміріне араласатын кез-келген заңдар мен мемлекет өміріндегі бетке алған үдерістер осы Ата Заңымыз арқылы реттеліп, Ата Заңымызға қарап сап түзейтіні айтылды.
Іс-шараның мақсаты – мәңгілік елдің тұғыры, ел кемелділігінің негізі арқауы Конституция жайлы ақпарат беру, Ата Заңымызға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи таным көкжиектерін кеңейту.







