Ата Заңымыз-Абырой, дәстүр, арымыз!
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында 30тамыз-ҚР Конституциясы күніне орай «Ата Заңымыз-Абырой, дәстүр, арымыз!» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға белсенді кітапхана оқырмандары және ауыл тұрғындары қатысты.Іс -шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихынан сыр шертетін видеоролик көрсетілді. Ата Заң туралы біраз мәліметтер айтылып, жас оқырмандар ақын жырларын жатқа оқыды. Кітап қорындағы Заң тақырыбындағы әдебиеттер таныстырылып, іс-шара қортындыланды.







