Кітапханаға кел балақай
№13 балалар кітапханасында 1 қыркүйек білім күніне орай «Кітапханаға кел балақай» атты ашық есік күні №11 мектеп-лицейінің 3 «А»,4 «А» сынып оқушылары мен жетекшісі К.М.Турсанованың және Қ.Қ.Қонысбаева қатысуымен өткізілді. Жас оқырмандар А.Майданбай, А.Ержан, М.Оспанов, Қ.Серік, Ж.Ыбырайхан, Д.Майданбай өздерінің оқыған кітаптары туралы айтып, ақындардың жыр жолдарын жатқа оқыды.
Жас оқырмандарға 2022-Балалар жылына арналған тұрақты «Болашақ балалармен көрікті» тақырыбындағы төрт бөлімді кітап көрмесі, «Балалар әдебиеті» сериясы бойынша жарық көрген, «Балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» атты сериямен жарық көрген әдебиеттер, ертегі кітаптары, көркем әдебиеттер кеңінен таныстырылды.







