Кітап оқы -жас ұрпақ
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Парасат жолы»жобасы аясында 1- қыркүйек Білім күніне орай «Кітап оқы -жас ұрпақ» атты прайм-тайм ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне Абылайхан атындағы №140 орта мектеп оқушылары қатысып, кітапхана тарихымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, кітапхананың пайдалану ережелерімен танысты. Сонымен қатар, биылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясындағы жыл таңдауы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Қазақтың рухани көсемі» атты кітап көрмесімен, 5 қыркүйек – ҚР Халықтарының тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тілім менің – қасиетім, ардағым» атты кітап көрмесімен, «Оқы және өзгеге ұсын!» буккросинг және де «Мәдени мұра-халық қазынасы», «Модное чтение», «Книги в кадре» т.б креативті кітап көрмелерімен жақын танысып, кітапхана жайлы біраз мағлұматтар алды. Шара соңында жастарды кітапхананың мүмкіндіктерін пайдалануға шақыра отырып, кітапхана жайлы жарнамалық парақшалар таратылды. Шара нәтижесі бойынша кітапханаға 8-оқырман жазылды.







