Ұлт азбасын, ұрпақ тозбасын!

№ 16 қалалық  кітапхананың  ұйымдастыруымен № 136 мектеп оқушылары арасында  «Ұлт азбасын, ұрпақ тозбасын!»  атты  памфлет  кеші  өткізілді.Ұлт болашағына, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың  санасы мен өмірін уландыратын ауыр кесел  темекі шегуден сақтану, арақ ішуден аулақ болу, жаман  әдеттерден жирендіру  мақсатында ұйымдастырылған шара барысында оқушылар қойылым  арқылы  зиянды заттардың зардаптарын, қайғы-қасіретін, адам өміріне қауіптілігін көрсетіп, наразылықтарын білдірді. Сахналық көріністен соң оқырмандармен пікір-талас жүргізілді. Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер талданды.Темекі шегу, ішімдікке тәуелділік, есірткі заттар туралы ақпараттар беріліп, өлеңдер оқылды. Сонымен қатар «Ғасыр індеттері» атты кітап көрмесі дайындалып, оқырмандар назарына ұсынылды.

17 мамыр 2019 ж. 1 045

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам