Тіл білімінің атасы

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімінің атасы» атты танымдық сағатты ұсынады. 
   Іс-шара барысында бұған дейін 22 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күнінің 2017 жылы сол кездегі Үкімет басшысы Б. Сағынтаевтың қаулысымен «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекке ауыстырылғаны жайлы айтылып, мерекелік күннің мән-мағынасы түсіндірілді. Іс-шара ұлт зиялысы А. Байтұрсынұлының  қасиетті ана тіліміз жайлы айтқан нақыл сөздерімен қорытындыланды. 
   Іс-шараның мақсаты - көпұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және насихаттау, оқырмандарды өз халқының ғана емес, сондай-ақ елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілін, мәдениеті және дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

02 қыркүйек 2022 ж. 266

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам