Тілім менің – қасиетім, ардағым
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Тілім менің – қасиетім, ардағым» атты танымдық сағат өткізілді. «Тілім менің – қасиетім, ардағым» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандары Әзизқызы Дильназ «Туған тіл», Сейітхан Ақжан «Ана тілім» атты өлеңдерін оқыды.
Мақсаты: Оқырмандарды тілдің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғына білуге үйрету.







