Мәңгілік ел – мәртебелі тіл.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты жыр марафоны өткізілді.Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары Есенбай Жанель, Жұмағұл Гүлсезім, Жалғас Динара тіл туралы қазақ ақындардың жырларын жатқа оқыса,№ 253 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сәкен Ақниет «Анамның тілі – аяулы үні» атты әнді нақышына келтіре орындап, әдемі әнмен кеш ажарын аша түсті.«Ана тілім - ардағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,тіл білімі жайлы әдебиеттерге шолу жасалды.







