Тілім менің- тірегім.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14Белкөл кітапханасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай «Тілім менің- тірегім» атты әдеби оқу өткізілді.Шараға №189 орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысып,ана тіліміздің мәртебесі жайлы жас оқырмандарға тереңінен түсіндіріліп,кітап көрмесі таныстырылды.Шара барысында И.Жиенбай. К.Салықтың «Тіліңді қорға қарағым», І.Төлебекова Марфуға Айтқожаның «Тіл сипаты тіл», А.Тәңірберген С.Торайғыровтың «Қазақ тілі» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып,мақал-мәтел айтылып,жұмбақтар шешілді.







