Қазақ әдебиетінің дарабозы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапханада  қазақтың халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай  «Қазақ әдебиетінің дарабозы» атты әдеби портрет  өткізілді.
    Шара барысында белгілі халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмір жолдарынан слайд көрсетіліп, шығармаларына әдеби саяхат жасалды. 
    Шерхан Мұртаза – қазіргі  қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгерлердің бірі.  Ол қазақ халқының бір ғасырлық (1904-2004) жанды картинасын жасауға белсенді қатысты. Оның қаламымен Домалақ ана, В.И. Сталин, Т. Рысқұлов, Ғ. Мүсрепов сынды тарихи тұлғалардың сахнадағы сом тұлғасы жасалды.  Жазушының шоқтығы биік ірі туындылары – бес кітаптан тұратын ғұмырнамалық роман «Қызыл жебе», ерте есейіп, балалық бал дәуренін ұрлаған зұлмат заман туралы жазылған өмірбаяндық шығармалары «Ай мен Айша» романы, «Интернаттың наны» және тағы басқа шығармалары оқырмандарға кеңінен насихатталды.

 
07 қыркүйек 2022 ж. 267

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам