Тіл–бабаң,тіл–анаң

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №13 балалар кітапханасы  ана тілімізді ардақтау мақсатында «Тіл–бабаң,тіл–анаң » атты кітап көрмесін  Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің  төртінші   сынып оқушыларының  қатысуымен ұйымдастырды. Мектеп    кітапханашысы   Ш.Байымбетова,    сынып жетекшісі   Г.А.Жапенова    ана тіліміздің  шексіз байлығы,  өте көркемдігі  туралы   жас   оқырмандарға түсінікті  жеткізе білді.
   Кітап көрмесіне  Б.Қыдырбекұлының  «Түгел сөздің түбі бір», Т.Р.Қордабаевтың «Жалпы тіл білімі»,  Ы.Мамановтың  «Қазақ тіл білімінің мәселелері»,  С.М.Исаевтың  «Қазақ тілі», Ө.Айтбайұлының  «Тіл тірес»,  Р.Наурызбаеваның  «Үй-ішімізбен қазақша үйренеміз»  кітаптары қатар    мерзімді басылым беттерінде жарық көрген материалдар қойылып, оқырмандарға насихатталды.

07 қыркүйек 2022 ж. 268

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам