Ерлігімен елдің атын шығарған
№14 кітапханада «Ерлігімен елдің атын шығарған» атты ерлік сағаты № 189 мектептің 9 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді.Шара барысында сұм соғысқа қатысқан қазақ қызы Әлия Молдағұлова жайлы кеңінен әңгімеленіп, мол ақпарат берілді. Әлияның ерлігі ұрпаққа үлгі болып, оның аңыз ғұмыры жалғаса береді. Батыр да қаһарман Әлия Молдағұловаға арналған қазақ ақындарының өлеңдері оқылып, көріністер көрсетілді. Отанның қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатындағы ерлік сағаты мазмұнды өтті.







