Шаңырағым шаттығым
№14 филиал Белкөл кенті кітапханасы мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Шаңырағым шаттығым» атты сайыс өткізілді.
Сайыскерлер танграмм құрастыру, шахмат ойнау және отбасы туралы мақал- мәтел айту жылдамдығы бойынша бәйгеге түсті. Әділ қазылар алқасының төралығымен І- орын «Қыран» тобы «Өнегелі отбасы», II орын- «Шаңырақ» тобы «Білімділер отбасы», III орын- «Топжарған» тобы «Ақылды балақай» номинациясымен марапатталды. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттер таныстырылып, оқуға ұсынылды. Шараның мақсаты: Отбасындағы қарым- қатынас жүйесін білу, өзгерту, түзету және тұлғаны қоғаммен байланыстыра отырып, отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата- ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.







