Сырдың сырлы өсімдіктері
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Сырдың сырлы өсімдіктері» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді. Шарада облыс аумағында өсетін өсімдіктің түрлері жайлы, сонымен қатар 50 ден астам дәрілік қасиеті бар, Қызыл кітапқа енген, қорғауға алынған өсімдіктер туралы қызықты ақпараттар берілді. Сыр өңірінде сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктердің 17-ден астам түрі бар.Оқырмандар сыр өсімдіктері жайлы қызықты мәліметтермен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.
Мақсаты: Өсімдіктің тірі табиғат екенін дәлелдеу. Оқырмандардың өсімдік туралы білімдерін кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту. Өсімдіктің адам және жануар өміріндегі маңызының зор екенін меңгерте отырып оны қорғауға шақыру.







