Сыр елі - қасиетті мекен
№16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен № 136 мектеп оқушылары арасында Қала күніне орай «Сыр елі - қасиетті мекен» атты кітап көрмесі өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, Алты Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің бас қаласы – Қызылорданың өткені мен бүгіні туралы қысқаша мәлімет бере келіп, туған жердің тарихынан сыр шертетін әдебиеттерді кеңінен таныстырды. Кітап көрмесіне қасиетті мекеннің бай тарихы, тау тұлғалары, сыр сүлейлері, сыр елінің тарихи-мәдени мұралары, киелі орындары жайлы жазылған «Алаштың Ақмешіті», «Сырдария», «Сыр өңірінің тарихы», «Сыр саңлақтары», Б. Жүсіповтың «Сүлейлер», Б. Кәрібозұлының «Қызылорда», Б. Ахметбектің «Сыр ескерткіштері» және тағы басқа әдебиеттер қойылды.
Мақсаты: Оқырмандарға қасиетті өлкеміз туралы мағлұмат беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау.
Нравится
Комментировать
Поделиться









