Ұлттың ұлы тұлғасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жасқа толуына орай «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты бір жазушы сағаты өткізілді.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Шерхан Мұртаза – қазақ руханиятындағы өте тұлғалы есім. Ұлттың сөзін сөйлеген, ұлттық құндылықтарымызды қорғаған жан. Ш. Мұртаза –қазақ баспасөзінің көшін асу-асу белдерден, қиын –қыстау жерлерден өткізіп, ұзақ жылдар бойы жетекшілік еткен ұлы тұлға. Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беріліп, өзекті шығармасы «Қызыл жебе» , «Ай мен Айша» романдары, «Қара маржан», «Бір кем дүние» ойтолғаулары оқырмандарға таныстырылды.







