Махаббат қызық мол жылдар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхана П.Д.Осипенко атындағы № 8 мектепте Әзілхан Нұршайықов -100 жылдығына орай «Махаббат қызық мол жылдар» атты романынан талдау өткізілді. Шараға қатысқан 11 сынып оқушылары шығарма туралы ой-пікірлерін аталған шығарма желісімен түсірілген фильмді тамашалай отырып талқылады.
Соғыстан аман –есен оралған Ербол мен Халиманың оқу қабырғасында жүріп танысқандығы, Меңтайдың шынайы өмірі, Ерболдың асыл сезімі мен адалдығы туралы жастар өз ойларын айтты. .Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған бұл шығарманың жастар өмірінде алар орны ерекше деген ортақ пікірде шара қорытындыланды.







