Жаңа Қазақстан – жаңа Жолдау

   Елбасы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау мақсатында қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі студенттері мен ұстаздарының қатысуымен «Жаңа Қазақстан – жаңа Жолдау» атты ақпарат сағаты болып өтті.
   Шара барысында  Президент Жолдауындағы елді дамытудың, мемлекеттік жоспарлаудың негізгі бес бағыты бойынша жүзеге асырылатын нақты жолдары баяндалып, Ел жастары үшін аса маңызды мәселелер,  мемлекет басшысы қазақ халқы алдына биік мақсаттар қойып отырғаны туралы айтылды. Жастар еліміздің жаңа қоғам құру идеясы, еліміздің болашағы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. 
 Шараға колледж кітапханашысы – Ералина Жарқынай, оқытушысы Қосаев Ерлан  қатысып, жолдауда жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

   
16 қыркүйек 2022 ж. 256

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам