Сырға толы сыр толқын

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхана қала күні мерекесіне орай « Сырға толы сыр толқын» «атты танымдық  сағатты оқырмвн назарына ұсынады.  
   «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған  киелі мекен.  Осынау киелі жұрттың исі қазақ  Қас, Сақ, Оғыз-Қыпшақ замандарынан жайлап келеді. Арғы-бергіні көз жүгіртсек , қазақ халқының қаһармандық шежіресінің қайнары осы дарияның жағасында жатқанына көз жетеді. Қызылордалықтар сырғып аққан Сырымен мақтанады. Сырдарияның бүгіп жатқан сыры тарих қойнауында. Ол көне грек тілінде Яксарт деп аталса, ортағасырлық мұсылман жазбаларында   жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен Сейхун деп аталған.  Сан тарихтың куәсі болған Сыр өзені – бүгінде барша Алаштың мақтанышы.  Сырдария ғасырлар бойы ел мен жерді емізіп, нұр мен нуға ене болып келе жатқан сыр өзені.  Сыр  елінен шыққан қаншама данагөй абыздар, батырлар, жыраулар, қоғам қайраткерлерінің өшпес өнегесі ұрпақтан ұрпаққа насихатала бермек. Сыр елі, жыр елі – Түркінің жүрегі!
  Ата-бабаларымыздың қасық қанымен жасалған тарихты таразылап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру, зердесіне құю, санасына сіңіру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту – біздің буынның азаматтық борышы.

19 қыркүйек 2022 ж. 9

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам