Қуатты ұлттың діңгегі-халық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында П.Д.Осипенко атындағы № 8 мектебі ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысуымен ««Қуатты ұлттың діңгегі-халық» тағылым сағаты өткізілді. Шара барысында Президент Жолдауындағы елді дамытудың, мемлекеттік жоспарлаудың негізгі бес бағыты бойынша жүзеге асырылатын нақты жолдары айтылды. Келешекте мемлекетімізде әділеттілік орнатудағы, ұлттың біртұтастығын, береке-бірлігін қалыптастырудағы жастар еншісіндегі міндеттер айтылып, жастар еліміздің болашағы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.







