Жастар. Ғылым. Техника
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында Ел Президентінің Қазақстан Халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Жастар. Ғылым. Техника» атты IТ маманы Абдуллаев Оралбекпен кездесу кеші өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында отандастарымыз, соның ішінде ел жастары үшін аса маңызды мәселелерге тоқталды. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету-мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екендігіне жайлы айтты. Оралбек Абдуллаев болашақта қажет болатын маман иесі. 2022 жылы Қорқыт Ата университетін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі таңда осы оқу орнының магистранты. Оралбек өзінің еңбек жолы, жеткен жетістіктері жайлы әңгімелей келе, жастардың қазіргі таңда IT мамандары сұранысқа ие ме? IT маманы болу үшін қайда оқу керек? IТ саласы қандай мамандық? -деген сұрақтарына жауап беріп, оқырмандар өз сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды. Сонымен бірге жастарға мамандық таңдау мәселесі төңірегінде ақыл кеңес берілді.







