Жолбарыстың сүрлеуі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы Дүкенбай Досжанның- 80 жылдығына орай «Жолбарыстың сүрлеуі» атты повесі бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Жазушы повесінде Қызылқұм ішінде тіршілік еткен қойшылардың қиын ахуалы мен рухани жұтауын сөз етеді. Шараға № 176 мектептің 10-а мен 8-ә сынып оқырмандары мен тәлімгер Қалыбаева Қалдыгүл, аға кітапханашы А.Асанова қатысып шығарма туралы ойларымен бөлісті.. Кітапхананың белсенді оқырмандары .А.Молдабек, Ш.Асылбекқызы, М.Нұрбек, А.Ерікқызы, Ә. Сұлтанмұрат, Д.Балтабай шығарма туралы өз ойларын оқырмандарға мазмұнды жеткізе білді. . «Досжан- құдіретті қалам иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға насихатталды.







