Ұлпан

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы  Ғ. Мүсіреповтың “Ұлпан” романы бойынша кітап талдауы өткізілді.  Шараға №189 орта мектебінің 7 сынып оқушылары: Айтмагамбет З, Мұрат Д, Әбіл. К, Төлегенова Г белсене қатысып шығарма туралы ойларын еркін жеткізе білді.   Талдау барысында оқушылар шығармаға қызығушылықтарын  білдіріп мазмұнды әңгіме айтылып, кітап туралы келелі де, мағыналы түсіндірме жүргізілді. 
    Ғ. Мүсіреповтың ‘’Ұлпан” романы  қазақ халқынын шынайы өмірін негізге ала отырып жазылған шығармасы екені көпке мәлім. «Ұлпан» — тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалалады.  Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән  әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған. Шығарманың бас кейіпкері - Ұлпан, ол шын мәнінде өмірде болған тарихи тұлға. Романның екінші бас кейіпкері Есенейден қырық жасқа кіші бола отырып, тұлымы желбіреген жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін қөтеріле білген қайраткер жан.

23 қыркүйек 2022 ж. 264

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам