Қаламы қуатты қаламгер

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен  аса көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның 80 жылдығына орай  «Қаламы қуатты қаламгер» атты жазушы сағаты өткізілді.
   Шара барысында  белгілі қаламгер Д. Досжанның  өмір жолдары мен шығармашылығы,  шығарма жазудағы ерекшелігі, қаламгерлік шеберлігі жайлы айтылды.
   ҚР Мемлекеттік, М. Әуезов және  М. Шолохов атындағы  сыйлықтардың, «Парасат»  пен «Құрмет » ордендерінің иегері,  көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Ең көп оқылатын жазушы»  деген мәртебесі бар.  Оның 19 жасында жазылған  «Көкпар» атты алғашқы әңгімесі «Лениншіл жас»  газетіне 1964 жылы басылыпты.  Іле-шала 1965 жылы тарихи тақырыпқа түрен салған «Отырар» повесі газеттің  он нөміріне түгел жарияланған.             Д. Досжан есімі  АҚШ-тың  «Әдебиет және өнер адамдары»   энциклопедиясының 2-томына,  Ұлттық энциклопедияның 3-томына енген. Кітаптары әлемнің 19-тіліне аударылып, Кітап палатасының есебі бойынша  3,3 миллион таралыммен  басылып   шыққан.  Қаламгер 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазып, ұлттың ұлы мұрасын  толықтырды.

 
26 қыркүйек 2022 ж. 257

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам