Жолдау 2022:- Ел болашағына нақты қадам
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында «Текей Батыр Қарпықұлы» атындағы жоғарғы колледж студенттері мен ұстаздарының қатысуымен «Жолдау 2022:- Ел болашағына нақты қадам» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында: Мемлекет Басшысының Жолдауындағы мемлекеттік жоспарлаудың негізгі бес бағыты бойынша жүзеге асырылатын нақты жолдары айтылып, туралы айтылып, Жаңа қазақстан құрудағы жастардың міндеті қалай болатындығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Жолдаудың оларды жігерлендіретінін және болашақ үшін жауапкершілікті арттыратынын айтты.
Мақсаты: Оқырмандарға Мемлекет Басшысы Жолдауын насихаттау арқылы жас ұрпаққа Қазақстанның болашақта дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін ұғындыру. Отанымызды сүюге, туып өскен жеріміз бен мемлекетімізді құрметтеуге тәрбиелеу.







