Қазақтың рухани көсемі

   А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапханада  халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,  ағартушы, демократ, ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Қазақтың рухани  көсемі»  атты  кітап  көрмесі ұйымдастырылды.
    Мақсаты: Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының артында қалдырған рухани мұрасын толық игеріп, еңбектері мен шығармашылығын кеңінен насихаттау және кітапханаға оқырман тарту. 
Көрме барысында  кітапханашы М.Кенжебаева  ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған  кітаптарға, ұлттық ой-сананы оятуда жазған төл туындысы «Маса» жинағына енген «Ат пен есек», «Көк есектер», «Өгіз бен бақа» т.б. атты мысал өлеңдеріне,сонымен қатар Алаш зиялыларының қазақ елінің Тәуелсіздігі үшін жасаған ерен еңбектеріне ерекше тоқталып өтті. Шара соңында  кітапхана ұжымы  келер ұрпаққа сәттілік тілеп,  “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн деп, жылы лебіздерін білдірді.
 

 
26 қыркүйек 2022 ж. 178

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам