Ұлттық сана ұйытқысы

 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен  "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында ақынның өлеңдері мен көсем сөздері жинағы оқырмандарға ұсынып және ұстаздар  күніне орай  көрнекті мемлекет қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлттық сана ұйытқысы» атты жыр сағаты өткізілді.  «Алаш» қозғалысының ардагері, тіл білімінің атасы,  ұлт ұстазы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынүлының  өмірбаяның Абылайхан  атындағы жоғары колледжінің студенті  Өмірсерік Ұлжан таныстырып, Нұрпейіс Дилшат «Маса», Кибаш Дурия «Анама хат», Талғатқызы Нұрдана «Елге сәлем» атты  өлендерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Абылайхан  атындағы жоғары колледжінің  кітапханашысы   Қанибай Нұргүл «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесімен  таныстырды.Шараның мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. 

 
28 қыркүйек 2022 ж. 283

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам