Дүниені суреттеген көркемдеп

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана көрнекті жазушы жерлесіміз Д. Досжанның 80 – жылдық мерей тойына байланысты  «Дүниені суреттеген көркемдеп» атты әдеби портретті оқырман назарына ұсынады.                               Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданыныда дүниеге келді. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының  лауреаты.
    Парасат және құрмет сыйлығының иегері.  Д. Досжанның шығармалары әлемнің 22 тіліне аударылған.Тұнғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Д. Досжан проза саласында өнімді еңбек етті. Сегіз роман,он сегіз повесть, жүзден астам әңгіме жазды. «Отырар», « Фараби», «Жібек жолы» хикаяттары мен романдары тарихи оқиғаларға арналған. «Зауал», «Кісі ақысы», «Дария», ««Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі» атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арқау болады. «Мұхтар жолы», «Абай айнасы», «Алыптың азабы» ұлы адамдардың өмірін көркем тілмен сөйлеткен. Д. Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. «Екі дүние есігі» атты зертеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай- жапсарын мол қамтыған дерекнама. «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған. Д. Досжан дүниені суретпен, тек қана өзіндік бояу-белгімен көрді. Тірі сөзбен сурет салды. Қазақстанда ең көп оқылатын жазушы ретінде бірінші орынды иеленді. Шараның мақсаты жазушының өмірі мен шығармаларын оқырмандарға насихаттау.



28 қыркүйек 2022 ж. 256

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам