Ұлттың ұлы ұстазы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында Ұстаздар күніне орай халқымыздың ұлы перзенті Ахмет  Байтұрсынұлының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне ағартушы ғалым, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері мен шығармалары топтастырылған әдебиеттер қойылып, Р. Нұрғалидың «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», Р. Сыздықованың «Қазақтың ғылым әлеміндегі алғашқы алыптар», А. Ісімақованың «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы», балаларға арналған «Аманаты Алаштың» энциклопедиясы,  «Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия», «Ұлы тұлғалар» сериясымен жарық көрген «Ұлттың ұлы ұстазы», «А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», А. Байтұрсынұлы «Тіл тағылымы», А. Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағына және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды.  Кітап көрмесін К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары зор қызығушылықпен  тамашалап, рухани азық алды. Нәтижесінде кітапханаға 15 оқырман жаңадан тіркеліп, білім нәрімен сусындады. 

   
28 қыркүйек 2022 ж. 376

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам