Көркем сөздің шебері
Елінің келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен халық перзенті Сафуан Шаймерденовтің кісілік келбетімен адами қасиеттері, биік тұлғасын, халқына сіңірген еңбегін танып білуге, тағылым алу мақсатында №5 кітапханада «Көркем сөздің шебері» атты қаламгер сағаты өткізілді. Шара барысында Қазақ әдебиетінің дамуы жолында арымен, абыройымен еңбек еткен, ұлт үшін, ұлт әдебиеті үшін ештеңеден де аянбай, артына өлмес мұра қалдырған Сафуан ағамыздың өмірбаянымен таныстырылып, көркемсөз шеберінің шығармалары жайында кеңінен баяндалды.
Жазушының отыздан астам кітабы бар. Солардың бәрі орыс тіліне аударылып, Алматыда, көпшілігі Москвада басылып қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, саха, тәжік, украин, беларус тілінде жарық көрді. Сафуан атаның қаламынан шыққан «Болашаққа жол», «Мезгіл», «Өмір нұры», «Қарғаш», «Мәжнүн тал» роман повестері оқырман қауымының сүйікті әдебиетіне айналған Жазушының 1987 жылы «Ағалардың алақаны»- атты кітабы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін 1988 жылы Қазақ ССР - нің мемлекеттік сыйлығы берілді Жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, қоғам қайраткері Сафуан Шаймерденовтің елі алдын¬дағы өлшеусіз еңбегі халқы, мем¬лекеті тарапынан биік бағаланды. Республика Мемлекеттік сыйлы¬ғының лауреаты атанды. 1992 жылы Халық жазушысы атағына ие болды. «Құрмет Белгісі»,«Отан» ор¬дендерімен марапатталды.







