Жусан мен гүлдер

   Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада жазушы Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл толуына орай, оқырманнан өз бағасын алған «Жусан мен гүлдер» хикаяты  бойынша кітап талдауы өтті. Шараға Абылайхан  атындағы №140 орта мектептің 8 сынып  оқушылары, пән  мұғалімі Абекова Асия Төреханқызының қатысуымен өткізілді. 
   Кітап талдау барысында кітапханашы Д.Төлендиева  шығарманың  мазмұнын  түсіндіре отырып, танымдық және тәрбиелік маңызына, көркемдік құндылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, хикаят ұлттық салтымыздағы ат бәйгесін өзек ете отырып, оқырманды түспалды ойларға жетелейтіні айтып өтті.  Кітап оқиғасының желісі бойынша  оқырмандар  өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Шара соңында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қарымды қаламгер» атты кітап көрмесімен жақын танысып, өздеріне рухани азық алды.

 
28 қыркүйек 2022 ж. 329

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам