Ұлағатты ана-ұлт байлығы

   Қалалық  №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, педагог психолог, халықаралық айтыскерлер мен жыршы термешілер Одағының мүшесі. Қызылорда облысының таңдаулы транспорт жүргізушісі  Қазына Мералықызы Өзденбаевамен    «Ұлағатты ана-ұлт байлығы»атты сыр сұхбат кеші өткізілді. 
   Қазына Мералы қызы Өзденбаева-Қазақстан Республикасының «Үздік автокөлікші» төсбелгісінің иегері.  «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Тыңға 50-жыл»,  «Қызылорда облысының 70-жыл», «Автотранспорт саласына 80-жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған. Жалағаш ауданының құрметті азаматы.
   Кешке Тасбөгет кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Тобақабылов Олжабай  қатысып, Қазына апайымыздың қарапайым механизатордан поэзия мен әдебиетке алып келген шығармашылығы туралы оқырмандарға айтып берді. Шара барысында үш дүркін халықаралық байқаудың жеңімпазы, Дубай, Түркия, Грузия елінде өткен Халықаралық байқаудың бас жүлде иегері Сармырзаев Ержігіт Қазына Өзденбаеваның «Тілек» өлеңін, Нұрлыбай Ақерке «Туған жер» өлеңін жатқа оқыды. №176 мектеп мұғалімі Сүйкімбай Бексұлтан ақынның өлеңін жатқа оқып, өз тілегін айтты. Қазына апайдың фотосуреттерінен видеоролик жасалынып, оқырман назарына ұсынды. Сұхбат кешіне «Ұлағатты ана-ұлт байлығы» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, видеоролик көрсетілді.

 
29 қыркүйек 2022 ж. 312

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам